Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда миллионға жуық адамның табысы 52 мың теңгеден аспайды

Қазақстанда миллионға жуық адамның табысы 52 мың теңгеден аспайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, халықтың 4,8 пайызы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де аз табыспен өмір сүреді.

Кедейліктің ең жоғары шегі Түркістан облысында екен. Онда облыс тұрғындарының 8 пайыздан астамының айлығы шайлығына жетпейді. Маңғыстау мен Абай өңірлерінде де жұрттың әлеуметтік жағдайы жақсы емес.


Қазақстанда 3 миллион теңгеден көп табыс табатындарға салынатын салық пайызын көбейту ұсынылды


Айта кетейік, күнкөріс деңгейі төмен 968 мың адамның 800 мыңнан астамы бес және одан да көп мүшесі бар отбасылар.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанның оңтүстік аймақтары тұрмысы төмен халықтың үлесі бойынша көш бастағанын жазғанбыз. 

Талқылау