Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мерзімді әскери қызметкерлерге несие алуға тыйым салынбақ

Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметкерлерге несие алуға тыйым салынбақФото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметкерлерге несие беруге тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылғы 19 қаңтарда қаулы жариялады. Құжатқа сәйкес, мерзімді әскери қызмет кезеңінде әскери қызметкерлерге несие алуға тыйым салу жоспарланып отыр.

Бұл құжат Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасында мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәлімет алмасу тәртібін айқындайды. Бұл ақпарат

  • Қолданыстағы қарыздар бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға (мерзімін шегеруге);
  • Әскери қызметтен өту немесе қызметтен босатылу туралы деректерді кредиттік есептерде көрсетуге пайдаланылады.

Енді азамат несие алғысы келсе, банктер мен микроқаржы ұйымдары оның әскерге шақырылған жаста екенін тексеруге міндетті. Егер деректерде азаматтың мерзімді әскери қызметте екені көрсетілсе, қаржы ұйымдары несие беруден бас тартады.



Қаулы жобасы 2026 жылғы 3 ақпанға дейін талқыланады.

Бұған дейін Қазақстанда әскери қызметкерлердің жалақысы көтерілетіні туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 19 Қаңтар, 2026 16:37