Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын көктемгі шақыру кезінде 13 500 әскери қызметші толықтырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әскер

Қорғаныс министрлігі 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді әскерге шақыруды 2020 жылдың 1 шілдесінде аяқтауды жоспарлап отыр.

"Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты алдын алу шаралары қабылданды. Осы ретте әскерге шақырылушылардан екі рет, яғни, әскерге шақыру кезінде және әскери бөлімдерге келген кезде жинау пункттерінде ПТР-талдама алынады. Жаңа шақырылушыларға екпе жүргізу қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылады", - деді ведомствода.

Сонымен қатар министрлік биыл әскерге шақыру барысында азаматтарды хабардар етудің жаңа тәсілі қолданылатынын атап өтті.

"Пандемия жағдайында қарым-қатынасты азайту үшін цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 сервис қызметі пилоттық режимде SMS-хабарламалар жібереді.

Барлық әскерге шақыру жұмыстары кеңес беру мүмкіндіктерін жеткізу арқылы барынша ашық түрде ұйымдастырылды. Осы мақсатта жергілікті әскери басқару органдары әлеуметтік желілерде пошта жәшіктері мен ресми аккаунттар құрды", - деді қорғаныс министрлігінде.

Еске салайық, биылғы 5-ші ақпанда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлыққа қол қойды.

Талқылау