Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметте орамал тағып жүруге бола ма?

Қазақстанда мемлекеттік қызметті атқару кезінде орамал тағу мәселесіне қатысты сауал қоғамда жиі бой көрсетіп қалады. Осыған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Қайрат Қожамжаров бұл сұраққа толыққанды жауап берді.

1449966 (1)

Фото: AP Photo / Steve Helber

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Тоғыз жылдан астам мемлекеттік қызметте болған әйел адам Қожамжаровқа жұмыс уақытында орамал тағуға бола ма деген сұрақ қойды. Бұл сұрақты оқып шыққан агенттік басшысы хабарлағандай, мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген айрықша сенімнің белгісі, сол себепті қызметкерлердің моралді-этикалық келбетіне жоғары талаптар қойылады.

“Этикалық кодекске сәйкес мемлекеттік қызметкердің сырт келбеті қызметтік міндеттілігін орындау барысында мемлекеттік аппарат абыройын нығайтуға септігін тигізіп, жалпыға ортақ іскерлік стилге сай болуы тиіс. Бұдан бөлек агенттік мемлекеттік қызметкерлердің киіміне қатысты негізгі талаптар бойынша нұсқаулар құрастырған, онда бас киім ретінде орамал тағу қарастырылмаған”, — делінген Қайрат Қожамжаровтың электронды үкімет сайтында берген жауабында.

Оқи отырыңыз:

Алматыда үш студенттің бірі шегеді, екіншісі ішеді

Алматы облысында қарттар үйі қызметкерлерінің мүгедектерді қалай қорлап келгені әшкере болды

Алматыда қатыгездікпен өлтірілген баланың әкесі ортақ қыздары үшін әйелді кешіруге дайын

10 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам Алматы облысынан табылды

Талқылау