Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік еңбек инспекторлары қазақстандықтарға 328,9 миллион теңгеге жалақы бермегенін анықтады

Мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 19 кәсіпорындағы 1,2 мыңнан астам жұмыскерге 328,9 миллион теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 995 фактісі анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: tehnoprogress.ru

Мәліметтерге сенсек, жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 579 ұйғарым берілді және 69,5 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 900 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 135,8 миллион теңге төленді.

"Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында. 2025 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 896 тексеру жүргізді. Осылайша 995 бұзушылық анықталып, еңбек саласында – 904, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 85, халықты жұмыспен қамту бойынша – 6 дерек тіркелді", – делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6,3 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.



Еске салайық, бұған дейін "Қызыл-жар СК" бапкерлері мен қызметкерлері жыл басынан бері жалақыларын ала алмай жүргенін жаздық. Дереккөздің айтуынша 2025 жылдың қаңтар айынан бері спорттық орталықтың қызметкерлері өз жалақыларын ала алмай жүр. Бұған дейін футбол клубындағы жас футболшылардың формалары мен дайындықта пайдаланатын заттары жайлы да дау орын алған еді. Алайда ол мәселенің шешілгені жайлы “Қызыл-жар” директоры Николай Панин “Meta-ratings.kz” порталына берген сұхбатында айтқан еді.

Талқылау