Қазақстанда мектептерде ақша жинауға заңмен тыйым салу қарастырылып жатыр
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде ақша жинау мәселесі заңнамалық деңгейде реттелуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр ата-аналар комитеттерін таратуға болмайтынын атап өтті.
"Ата-аналар комитеті көптеген жылдар бойы болды. Тек ақша жинау мен іс-шараларды өткізуден гөрі олардың қызметін түрлендіріп, күш-жігерін тиімдірек және нәтижелі міндеттерге бағыттау қажет", – деді ол.
Бейсембаев бұл бағытта жұмыстар қазірдің өзінде басталғанын атап өтті.
"Өткен жылдан бастап әдістемелік нұсқаулар әзірленді. Ата-аналарға қажетсіз іс-шараларды өткізуге уақыт жұмсамай, балаларды көбірек қолдауға көмектесу үшін сынып жетекшілеріне арналған тренингтер өткізіліп жатыр", – деп қосты ол.
-
Қазақстандық мектептерде жыныстық тәрбие сабақтары пайда бола ма – Министр жауап берді
-
1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде қант пен тұз тұтыну азайтылады
Сондай-ақ министр ақша жинауды доғаруға қатысты тиісті бұйрық қабылданғанын, бірақ әлі іске асырылмай тұрғанын алға тартты.
"Бұйрық бұрыннан қабылданған. Тек оны орындау керек. Қажет болса, депутаттармен кеңесеміз. Егер мұны заң арқылы реттеу керек болса, онда бұған мектепке дейінгі балалар ұйымдарын лицензиялау сияқты келетін шығармыз. Дегенмен мұндай мәселенің бәрін заңмен реттеу керек пе, жоқ па қарау керек", – деді Бейсембаев.

"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-шы атты әскери дивизия туралы не білеміз
