Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда медицинаны қаржыландыру жыл санап азайып келеді

Елімізде медицинаға бөлінетін қаржы жыл санап азайып келеді. 2023 жылдың төртінші тоқсанында денсаулық сақтау саласындағы барлық шығынның 76%-ы мемлекеттік қаржыландыру есебінен жабылса, өткен жылы бұл көрсеткіш 69,5%-ға дейін төмендеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ru.freepik.com

Ұлттық статистика бюросының бас сарапшысы Гүлмира Маханбетованың айтуынша, қаржының 17%-ы тұғындар есебінен өтелсе, 13%-ын кәсіпорындар қаржыландырған.

“Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер ең көп Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Қарағанды облысында көрсетілген. Ал ең азы Жетісу және Маңғыстау облыстарында тіркелді”, – дейді Гүлмира Маханбетова.

Стоматологияға келсек, былтыр қазақстандықтар тіс емдеу үшін 65 миллиард теңге жұмсаған, оның 54,5 миллиардын адамдар өз қалтасынан шығарған. Сарапшылардың айтуынша, бұл қалыпты жағдай. Өйткені едициналық қызметтер мен жабдықтар қымбат тұрады.

“Бізде кепілді медициналық көмектің көлемі өте үлкен, ал дамыған елдерде ол ең төменгі деңгейде. Кейбір мемлекеттерде тек шұғыл көмек немесе балаларға ғана медициналық қызмет көрсетіледі. Ал кей жерлерде бұл да қарастырылмаған. Мысалы, Израильде балаларға да, жүкті әйелдерге де не басқа азаматтарға да тегін көмек көрсетілмейді. Біз төлеп отырған жарналар – өзімізге арналмаған. Өйткені бізге көмек қажет болған кезде, емделуге әлдеқайда көп қаражат жұмсаймыз. Біз медициналық көмекке мұқтаж адамдар үшін ақша төлейміз”, – дейді денсаулық сақтау саласындағы сарапшы Вячаслав Локшин.



Кәсіпкерлер де корпоративтік сақтандыруды, міндетті медициналық тексерулерді және қызметкерлердің емін өтейді. Мысалы, Жамбыл облысында кәсіпорындар азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің жартысына жуығын өздері төлейді. Дегенмен мұндай тәжірибе әзірге тек тау-кен өндіру және қайта өңдеу салаларында кең таралған. 

“Әрине, бұл дұрыс емес. Біз даму үшін инвестиция жасап, лайық жалақы төлеуіміз керек. Бірақ біз бәрін салық түрінде беріп отырмыз. Сондықтан қызметкерлердің еңбекақысын төлеу, жаңа жабдықтар сатып алу мүмкіндігі салық төлеумен шектеліп отыр”, – дейді Вячаслав Локшин.

Айтуынша, қазақстандықтарға кәсіп жүргізу үшін ынталандыру да, қолдау да жоқ дейді.

Бұған дейін стоматологиялық клиника сапасыз қызмет көрсеткені үшін қазақстандыққа екі миллион теңге өтейтіні туралы жазған едік.

Талқылау