Қазақстанда медбикелердің еңбек жағдайларын жақсарту ұсынылды
Денсаулық сақтау министрлігі Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) талаптарына сәйкес медбикелердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша қосымша шаралар жасайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Ұсыныс "мейірбике қызметкерлерінің жұмыспен қамтылуы және еңбек жағдайлары мен өмірі туралы" № 149 конвенциясын ратификациялауды ілгерілету шеңберінде қаралады.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова Еңбек министрінің кеңесшісі Ләззат Ақтаевамен және Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібаймен кездесуде бастаманың жоспарланған нәтижелерін талқылады.
Оның ішінде - "күтуші мейірбике" ұғымын біріздендіру және пациенттерге үйде күтім жасау бойынша медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту талқыланды.
Құжат ратификацияланған жағдайда, медициналық колледждер кіші медбикелер мен күтушілерді дайындайды. Ал медициналық ұйымдар медбикелердің күнделікті функцияларын тапсыруға болатын кіші мейірбикелер үшін жаңа жұмыс орындарын ашады. Осылайша олардың жүктемесін азайтады.