Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мәжіліс ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңды қабылдады

Фото: istockphoto.com

Депутаттар екінші оқылымда бірден тоғыз заңға өзгерістер енгізуді көздейтін түзетулерді қолдады. Құжатқа сәйкес, бұдан былай БАҚ-та және интернетте гомосексуалдарға қатысты кез келген ақпаратты таратуға тыйым салынады. Ол Мұрағат ісі мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу бойынша норма авторы ретінде Еділ Жаңбыршин бұл өзгерістің мәнін түсіндірді. Ол бұл мәселе қызу талқыланып жатқанына бес жылдың жүзі болғанын айтты. 

"Дәл осы мінберден өзім де, әріптестерім де бірнеше рет депутаттық сауал жолдап, мәселені бүге-шігесіне дейін талқыладық. Бұл қасиетсіз топ қасиетті киіз үйімізде тайраңдап, ұлттық құндылықтарымызды аяққа таптады. Ұлттық фольклорымызда гомосексуализм бар деп, тұтас халыққа жала жапты", — деді ол. 

Заңнамалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін редакциялық түзетулер енгізілді, олар қабылданған түзетулерді "Цифрландыру саласындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы" заңдармен синхрондастырады.

Жеке блок ретінде балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін контенттен қорғау шаралары бекітілді. Қоғамдық кеңістікте, сондай-ақ БАҚ, телекоммуникациялық желілер және онлайн-платформалар арқылы педофилия мен (немесе) дәстүрлі емес сексуалдық бағдар насихатын қамтитын ақпаратты таратуға тыйым салынады.


"Ханзада ханзадаға ғашық болады": Депутат балаларға арналған кітаптардағы ЛГБТ-насихат мысалдарын келтірді


Қазақстанға ЛГБТ насихатына тыйым қажет пе? Депутаттар мен белсенділердің пікірін тыңдадық


Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаттары ақпараттық кеңістікте ЛГБТ насихатына тыйым салу мәселесін қайта көтерді. Түзету әлеуметтік желілерде дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға бағытталған. Депутат Наталья Дементьева балалардың мұндай ақпараттан қорғалуын маңызды деп санайды. Жұмыс тобына қатысқан оннан астам депутат бастаманы қолдады.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 12 Қараша, 2025 13:06