Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кейбір азаматтар үшін МӘМС жарнасы 5 есе өспек

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры парламентке міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарна мөлшерін арттыру туралы ұсыныс енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

мәмс

Фото: Ашық дереккөзден

Оның айтуынша, қазақстандықтар табысының 2 пайызын МӘМС-ке аударады. Әбілқайыр Сқақов 850 мың теңге айлық алатындардың МӘМС-ке табысының 2 пайызын ғана аударуы қаншалықты әділ екенін айтты.

“Егер азаматтың айлық табысы 850 мың теңгеден асса, ол осы соманың тек 2 пайызын ғана төлейді. Бұл мәселе қазір Денсаулық сақтау министрлігінде қаралып жатыр, тиісті ұсыныс та бар. Біздің қор да өз көзқарасын білдірді. Алдағы уақытта басқа да мемлекеттік органдардың қолдауымен заңдық бастама ретінде ұсыныс енгізіледі”, – дейді Әбілқайыр Сқақов.



Айтуынша, қор лимитті 5 есе арттыруды жоспарлап отыр.

“Қазір ең жоғарғы сома 10 ең төменгі жалақы болып тұр. Енді оны 50-ге дейін көтеру ұсынылып отыр. Яғни, лимитті 50 мың теңгеден 4,5 миллион теңгеге дейін көтеру мәселесі қарастырылып жатыр”, – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы.

Бұған дейін медициналық сақтандыру қорының басшысы МӘМС жүйесін өзгерту туралы петицияға пікір білдірген еді.

Талқылау