Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда құмар ойындарды онлайн бақылау жүйесі іске қосылды

казино

Фото: Pixabay.com

Қазақстанда онлайн казино индустриясын бақылауға мүмкіндік беретін бірыңғай есепке алу жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жүйе барлық ставканы тіркеп, адамның ойынға қатысу құқығын, оның ішінде екі кезеңдік биометриялық сәйкестендіруді тексереді.

Құмар ойындарды реттеу комитетінің хабарлауынша, жүйе көлеңкелі бизнеспен, салық төлеп, оффшорлық шоттарға ақша аударатындармен де күреседі. Сонымен қатар жүйе жасанды интеллект алгоритмдері арқылы мұндай ресурстарды анықтап, блоктай алады. 

Ресми статистикаға сәйкес, құмар ойындарға тәуелділіктен жыл сайын 200-ге жуық адам өзіне қол жұмсайды, бірақ санаулы ғана денсаулық сақтау органдарында есепте тұр. Жүйе психологиялық көмек пен мемлекеттік және жеке қолдау орталықтары туралы ақпаратты ұсынатын хабарламалар жібереді. Сондай-ақ пайдаланушылар ставкалардың мөлшері мен жиілігіне шектеулерді дербес белгілей алады.

“Оның негізгі міндеті – клиенттерді анықтау және адамға заң бойынша құқығы болса ғана бәс тігуге мүмкіндік беру. Біртұтас есеп жүйесі қарызы бар және олар бойынша сот шешімдері бар тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің, әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері үшін құмар ойындарға қол жеткізуді шектейді”, – деп мәлімдеді туризм және спорт министрлігі ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы Әділет Тұрғанбаев.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 15 Шілде, 2025 09:56
Талқылау