Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда КТ мен МЗТ секілді медициналық қызметтердің бағасы өседі

кт мен мрт қызметтеріФото: mytishchi.clinic-family.ru

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық қызмет көрсету тарифтері өзгертіледі. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, келесі жылы халыққа ең көп қажет шамамен 200 қызмет түрі бойынша тарифтер түзетіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, тарифтерге байланысты жалпы 103 миллиард теңге бөлінетінін, оның шамамен 34 миллиард теңгесі кепілдендірілген медициналық көмектен (ГОБМП), қалғаны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) жүйесінен қаржыландырылатынын атап өтті.

Тарифтердің өсуі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асады:

•    Инфекциялық қызметтер – екі есе арттырылмақ;
•    Абдоминалды хирургия – 40%-ға көтерілмек;
•    Басқа терапиялық бағыттар – 40-85% арасында өседі.

"2025 жылы біз жаңа тарифтерді бекіттік, соның ішінде протондық терапия, адаптивті сәулелік терапия, КТ және МЗТ бойынша тарифтерді көтереміз. Бұл ең алдымен өңірлердегі тұрғындарға көмекті жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұрын жабылған 2 700-ден астам тапшылығы бар төсек-орынды қалпына келтіру жоспарлануда", – деді Ақмарал Әлназарова.

Тарифтердің жаңа мөлшерлері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.


Қазақстанда 2026 жылға арналған жаңа АЕК мөлшері бекітілді


Алдағы жылдары қазақстандықтардың табысы инфляциядан да жылдам өседі – Жұманғарин


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 2026 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын жаздық. Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев атап өткендей, 2020-2023 жылдары дәрігерлердің жалақысы 30%, орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%, ал медициналық емес қызметкерлердікі 18% өсірілген. Қазіргі уақытта жаңа жалақы мөлшері қаржы министрлігімен келісіліп, әртүрлі есептеу нұсқалары әзірленіп жатыр. Жедел жәрдем қызметкерлерінің өзекті шағымдары мен әлеуметтік талаптары бұл шешімге әсер еткен.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 13:54