Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда “конструктор” көліктер заңдастырылады

Қазақстанда “конструктор”, яғни қосалқы бөлшек түрінде кіргізіліп, құрастырылған көліктер заңдастырылады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көліктер

"2014 жылы жол ережесі туралы заңға өзгерістер енгізілді. Сол жерде Қазақстанда ондай автокөліктердің жүруіне тыйым салынған. 2015 жылы Еуразия экономикалық одағы аясында да осындай автокөліктер қозғалысына тыйым салынды. Бірақ Президенттің тапсырмасы болғасын оны заңдастырып береміз. Бірақ оны ертең басқа біреуге сатуға тыйым саламыз", - деді Марат Ахметжанов үкімет кулуарында.  

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта мұндай санатқа жататын 1,5 мың көлік бар.

"Олардың бәрінің жол қауіпсіздігіне техникалық сертификатын қараймыз. Егер қауіпсіз болса, заңдастырып береміз", - деді Ішкі істер министрі. 

Талқылау