Қазақстанда конституциялық сот бейбіт жиналыстарды өткізуге шектеулердің заңмен сәйкестігін тексереді
Қазақстанда конституциялық сот бейбіт жиналыстарды өткізуге шектеулердің заңнамалық тұрғыда сәйкестігін тексереді. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін ұйымдастырушыларға жиналыстың орнын немесе уақытын өзгертуді ұсыну құқығы беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pexels.com
Конституциялық сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңның 11-бабы "Хабарламаны қарау тәртібі", 1-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органның жауабы болмаған жағдайда ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізеді.
Ал 2-тармақша бойынша, жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналысты ұйымдастырушыға қабылданған шешім мынадай тәсілдердің бірімен болады.
- қолма-қол;
- табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс пошта жөнелтілімі нысанында;
- электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электронды құжат арқылы;
- ұйымдастырушы көрсеткен электрондықпоштаның мекенжайы бойынша;
- ұйымдастырушы көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлайды.
3) тармақша бойынша бейбіт жиналысты ұйымдастырушы бейбіт жиналыстардың өткізу орнын және (немесе) уақытын өзгерту туралы ұсынысты алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға бейбіт жиналыстардың өткізу орнын және (немесе) уақытын өзгертуге өзінің келісетіні немесе келіспейтіні туралы мынадай нысандардың бірімен:
- жазбаша (қолма-қол);
- электронды нысанда (ұсыныс келіп түскен электронды поштаның мекенжайына немесе электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электронды құжат арқылы);
- ұсыныс келіп түскен ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлайды.
14-бап – "Бейбіт жиналыстар өткізуден бас тарту". 1-тармағының 10-тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
Бұл тармақшада іс-шараларды өткізудің болжамды уақытында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда басқа ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шаралардың өткізілуі жоспарланса, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүзеге асырылып жатса, бас тартады.
"Даулы нормаларға сәйкес, егер болжамды уақытта және таңдалған жерде басқа ресми немесе бұқаралық іс-шаралар жоспарланған болса немесе құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, жергілікті атқарушы органдар бейбіт жиналыстар өткізуден бас тартуы мүмкін", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар уәкілетті органдарға азаматтардың құқығы мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің үздіксіз жұмыс істеуін және инфрақұрылым объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушыларға жиналыстың орнын немесе уақытын өзгертуді ұсыну құқығы беріледі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орындары өзгергенін жаздық. Алматыда митингтер өтетін жер Ш.Уәлиханов атындағы саябақтан Абылай хан даңғылындағы А.Иманов атындағы саябаққа көшірілді.