Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: Атышулы заң нормасы қайта қаралмақ

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Қазақстанда автокөлікті 5 минуттан артық қыздыруға салынатын айыппұл қайта қарастырылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Shutterstock
15 қаңтарда мәжіліс депутаты Серік Ерубаев суық мезгілде автокөлікті 5 минуттан артық жылытуға салынатын айыппұлдарды қайта қарауды ұсынды. Ол әділет вице-министрі Ботагөз Жақселековадан автокөлікті 5 минуттан артық жылытуға қатысты айыппұлды өзгерту үшін қандай заңнамалық шарттар қажет екенін сұрады.

Жақселекованың айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне енгізілетін барлық түзетулер тиісті межведомстволық комиссияда қаралады. Ал оның жұмысын Әділет министрлігі қамтамасыз етеді.

"Комиссия құрамында тек мемлекеттік органдар ғана емес, парламент депутаттары мен ғылыми қауымдастық та бар. Өйткені өзгерістерді енгізу, әсіресе, санкциялар мен диспозиция бойынша теңдестірілген түрде жасалуы өте маңызды. Егер депутаттық сұрау осы тақырыпқа қатысты болса, бұл мәселе қаралып, талқыланады. Нәтижелері туралы қосымша ақпарат беріледі", – деді Ботагөз Жақселекова сенаттың отырысында.

Ботагөз Жақселекова атап өткеніндей, межведомстволық комиссия құрамында шамамен 10 мемлекеттік орган бар. 



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда көлікті 5 минуттан артық қыздыруға айыппұл салынатынын жаздық. Тұрғын аудандарда қозғалтқышы қосулы көліктің тоқтап тұруына тыйым салынған. Егер қозғалтқыш қосулы жағдайда 5 минуттан артық тұрса, 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал қайталанған жағдайда – 10 АЕК (39 320 теңге).

Ереже бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін көліктің мемлекеттік нөмірі көрсетілген және 5 минуттан асқанын дәлелдейтін видео қажет.

Талқылау