Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар сабақтан уақытша шеттетіледі

Фото: freepik.com

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова Қазақстанда қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар сабақтан уақытша шеттетілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сархат Бейсеноватың айтуынша, қызылша ауруының көбеюіне байланысты жаңа шаралар қабылдануда. Мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда таңғы медициналық тексеру енгізіледі. Балалар, мұғалімдер және тәрбиешілер ЖРВИ мен қызылша белгілеріне тексеріледі. Ауру жағдайлары тіркелген кезде екпе алмаған балалар сабаққа қатысудан уақытша шеттетіледі. 

Құжат ұжымдық иммунитет деңгейін белгілейді: әрбір мектепке дейінгі топта вакцинамен қамту көрсеткіші 90 пайыздан төмен болмауы тиіс.

Сархат Бейсенова індет өршіген жағдайда қолданылатын тәртіпті түсіндірді. Айтуынша, қызылша өте жұқпалы ауру. Сондықтан мамандар алдымен инфекция жұқтырған бала оқитын сыныпты тексереді. Кейін мектеп бойынша екпе алмағандарды анықтау үшін іріктеу жүргізеді. Кейде науқас бала дәлізбен өтіп, артынан вакцина алмаған балалар жүріп өтсе де, жұқтыру қаупі жоғары болады.



"Шектеу шаралары қолданылатын 21 күн ішінде екпе алмаған барлық балаларды, оның ішінде медициналық қарсы көрсетілімі барларды да уақытша шеттетеміз. Бұл – олардың қауіпсіздігі үшін. Вакцина алмаған бала қауіп тобына жатады. Осы кезеңде екпе салдыру мүмкін емес. Сондықтан оны инфекциямен байланыстан оқшаулау қажет. Ал қарсы көрсетілімі жоқ балалар қосымша вакцинациядан өтуі тиіс", – деп түсіндірді Бейсенова.

STAN.KZ
Жұма, 20 Ақпан, 2026 14:03