Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қызылша ауруы асқынып жатыр: Денсаулық сақтау министрлігі алаңдаулы

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынып кеткеніне алаңдаулы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгінде қызылша ауруы бізді қатты алаңдатып отыр. Биылғы жылдың басынан бері Қазақстанда қызылшаға күдікті 56 жағдай тіркелді. Оның 20-сы 7 облыста зертханалық расталды, тағы 20 жағдайға тексеру жүргізілуде", – деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, 11 облыста қызылшаға күдікті жағдай тіркеліп, бүгінде жеті облыста расталды.

"Жұқтырғандардың 65 пайызы наурыз айының басында тіркелген. Сонымен қатар қызылша жоғары жұқпалы аурумен сипатталады, ауа тамшылары арқылы таралады және екпе алмаған адамдарға 100 пайыз қауіп төндіреді. Қызылша жұқтырған адаммен 10 адам байланыста болса 10 адамның да ауруды жұқтырып алу қаупі бар", – деді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, қызылшамен ауырғандардың 30 пайызында асқыну болады.

Талқылау