Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізіледі: Ақпарат желідегілерді дүрліктірді

Әлеуметтік желіде елімізде Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілетіні туралы хабарлама тарауда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

ҚР cыртқы істер министрлігі Қытай азаматтары үшін визалық режимнің өзгеретіні туралы ақпаратты жоққа шығарды.

“Қытайдағы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері ҚХР азаматтары үшін визаларды Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына сәйкес ресімдейді. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің шешімімен 2020 жылдың наурыз айынан бастап ҚХР азаматтарына виза Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның туындауы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешімі бойынша беріледі”, - деп хабарлады ведомстводан.


Талқылау