Қазақстандық СІМ: Нұр-Сұлтан Бейжіңмен кеңесте Қытайдағы қазақтардың "мәселесін қозғады"
Қазақстандық дипломаттар қытайлық әріптестерімен екіжақты консулдық консультациялардың кезекті бейнеконференциясында ұлты қазақ азаматтардың отбасын біріктіру туралы ұсыныс айтты, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстандық дипломаттар 25 ақпанда қытайлық әріптестерімен бейнеконференция барысында ұлты қазақ екі елдің азаматтарынан құралған отбасыларды біріктіру мәселесін қозғады", - делінген Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
- "Ұйғырларға қарсы геноцид жасалды": АҚШ Қытайды ұйғырлар мен мұсылмандарды қанады деп айыптады
- "Аңдар секілді денеңді тістеп, түнімен екі-үш адам зорлайды": Қытай лагерінде қамауда болған ұйғыр әйел көрген азаптары жайлы айтты
Сондай-ақ ведомство мәліметінше, консулдық қызмет өкілдері "консулдық-құқықтық мәселелер, екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша егжей-тегжейлі келіссөздер жүргізді.
Қытай тарапы шекара бөлген қазақтардың "отбасын біріктіру" туралы ұсынысқа қандай жауап бергені белгісіз.
Бұған дейін Қытай лагерьлеріне қамалғандардың туыстары Қытай елшілігінің алдына пикетке шығып, жақындарына еркіндік беруді тағы талап еткені хабарланды.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген