Қазақстанда кедейлік шегі өзгерді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
2024 жылы 20 желтоқсаннан бастап "Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы" 2023 жылғы 19 мамырдағы бұрынғы құжатқа өзгерістер енгізілді.
“2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген орташа табыстың 35% мөлшерінде, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген Өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-дан төмен емес мөлшерде айқындалды”, – делінген құжатта.
Жаңашылдықтар 2025 жылдың 6 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Бұл өзгерістер азаматтардың қажеттіліктерін нақтылауға және аймақтық ерекшеліктерді ескеруге бағытталған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомстволарға бұйрықтың Әділет министрлігінде тіркелуін, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде жариялануын және департаменттің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етуді міндеттейді.
Бұған дейін Өзбекстанда 300-ге жуық шенеунік кедейлікпен күреске салғырт қарағаны үшін жұмыстан босатылған еді.