Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Kcell компаниясының 6 дүкенін тонап кеткен

Kcell компаниясының екі ірі кеңсесі шабуылға ұшырады. Мобильді байланыс операторының дата-орталықта қалған қызметкерлері инфрақұрылымды өз күшімен қорғады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Алматы мен Алматы облысында 6 Kcell Store дүкені тоналды. Жалпы шығын 1,2 млрд теңгені құрады. 

Алматыда төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап компания басшылары кірген жедел штаб құрылды. Абоненттердің байланысын үздіксіз қамтамасыз ету туралы жедел мәселелер шешілді. 

5 қаңтар күні сағат 21:00-де компанияның Алматыдағы бас кеңсесіне шабуыл жасалды. Кеңсе аумағына 200-ге жуық адам басып кірген. Kcell қызметкерлерінің мәліметінше, шабуылшылар жақсы жабдықталған, адамдардың бір бөлігі қаруланған, басқаларының қолдарында сүймендер мен шарқайрақтар болған. 

Қызметкерлер дата-орталықты өз күштерімен қорғады. Kcell командасының бірінші кезектегі міндеті – оператордың 6 млн абоненті байланыссыз қалмауы үшін террористердің маңызды инфрақұрылым нысанын басып алуына жол бермеу болды. 

Абоненттерді ұялы байланыспен қамтамасыз ету - Kcell компаниясының басым бағыты. ТЖ режимі жарияланған сәттен бастап қызметкерлер абоненттердің үздіксіз байланысын орнату үшін жанқиярлықпен жұмыс істейді. 

Барлық Kcell және activ абоненттеріне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 300 минут байланыс пен 200 SMS берілді. 

Бүгінгі таңда Қазақстанның 14 қаласында 22 Kcell кеңсесі жұмыс істейді: Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Өскемен, Шымкент, Түркістан, Ақтау және Атырау. Кеңселердің жұмыс кестесі 09:00-ден 18:00-ге дейін. 

 

Талқылау