Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына қандай көмек беріледі

Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімде болған апаттың салдарынан төрт әскери қызметкер қаза болды. Жауынгерлік қызметінен сол күйі оралмағандардың отбасыларына қандай өтемақы қарастырылған? Бұл туралы Stan.kz материалынан оқи аласыздар. 

“Әскери қызмет туралы” заңға сәйкес, келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкердің мұрагерлеріне 5 жылғы жалақы көлемінде өтемақы тағайындалуы тиіс. 

Егер мерзімді әскери қызметке шақырылған жауынгер қаза тапқан жағдайда оның отбасына 500 АЕК (2021 жылы бұл көрсеткіш 1 458 500 теңгеге тең) көлемінде өтемақы беріледіСондай-ақ, бұл төлем әскери оқу орнының курсанттары мен әскери дайындыққа шақырылғандардың туыстарына тағайындалады.

Сонымен қатар, мемлекет мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытасты дайындауға және орнатуға байланысты барлық шығындарды өз мойнына алады.

Көз жұмған әскери қызметкердің отбасы қолданыстағы қызметтік тұрғын үйді ақысыз жекешелендіруге құқылы.

Егер мұндай тұрғын үй жоқ болса, әрбiр отбасы мүшесiне 18 шаршы метр формуласы бойынша тиiстi аймақтағы жаңа тұрғын үйдiң шаршы метрiнiң құнына көбейтiлген қаржылай төлем қарастырылған. .

Әкімдіктер қаза тапқан әскери қызметкерлердің балалары үшін балабақшаларға кезексіз орындар беруге міндеттеледі.

Ал мектеп оқушылары әскери мектеп-интернаттарға, "Жас Ұлан" республикалық мектебіне конкурстан өтпей қабылдану құқығына ие болады.  

Дидар Халық
Жексенбі, 29 Тамыз, 2021 14:35
Талқылау