Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қайта вакциналау тактикасы өзгертілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде қайта вакциналау әдістемесі өзгертілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әлемдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссия азаматтарды ревакциналау тактикасын қайта қарады. Осылайша, 8 желтоқсаннан бастап вакцинаның екі дозасын алған барлық адамдар, сонымен қатар коронавирус инфекциясымен ауырған адамдар да қайта вакциналаудан өте алады. Бүгінгі күні 44 702 адам ревакцинаядан өтті", - дейді Цой.

Бұған қоса ол министрлік коронавирус штамдарының жаңа нұсқаларының мониторингін тұрақты негізде жүргізіп келетінін сөз етті. 

"Мәселен, омикрон штамының пайда болғанын ескеріп, Алматы қаласында осы штамм нұсқасына тән мутацияның болуына алдын ала ПТР скринингі жүргізілді. Омикрон елімізде тіркелмеді. Қазіргі таңда еліміздіңң барлық өңірлерінде алынған сынамалардың үлгілерін толық геномдық тұрғыдан тексеру жалғасуда", - деп қосты министр. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда Pfizer вакцинасын салуға қатысты ережелерге өзгеріс енгізілгені айтылған еді. 

Талқылау