Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары ең көп табыс табатыны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанның әр өңіріндегі тұрғындардың ақшалай кірістерін есептеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, екінші тоқсанда халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы айына 204 963 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 12,6%-ға15 артық. Осы кезеңдегі тұтыну бағаларының индексін (8,5%) есепке алғанда халықтың ақшалай кірісі нақты мәнде 3,8%-ға өскен.


Қазақстанда қай сала мамандарының жалақысы жылдам өсетіні белгілі болды


Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысының ең жоғары мәні екінші тоқсанда Атырау облысында тіркелді, бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден екі есеге дерлік асып түсіп, 383 171 теңгені құрады. Екінші орында Алматы қаласы тұр, онда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының деңгейі 297 188 теңгені құрады. Үшінші орында 278 117 теңге көрсеткішпен Маңғыстау облысы.

Табысы ең төмен өңір Түркістан облысы – 119 753 теңге.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екені туралы жазған едік. 

Талқылау