Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қарасораның кейбір түрлерін өсіруге рұқсат беру ұсынылды

Қазақстанда өндірістік мақсатта техникалық қарасораны (каннабис) өсіруді заңдастыруға бағытталған заң жобасы қарастырылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Осыған байланысты мәжіліс депутаты Никита Шаталов өндірістік қарасора айналымын бақылау, лицензия беру тәртібі және оны адал емес мақсатта пайдалану тәуекелдері мәселелерін көтерді.

Бұған қатысты ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов түсіндірді.

“Өндірістік мақстаттағы қарасора өндірісі бойынша маңызды бір мәселені атап өтейік. Мұндай өнімде тетрагидроканнабинолдың (ТГК), яғни есірткілік әсер беретін заттың деңгейі өте төмен болады", — дейді Санжар Әділов.

Ол сондай-ақ қазір Қазақстанда өндірістік мақсатта қарасора өсіру үшін төрт лицензия берілгенін хабарлады.

"Өндірістік қарасорада ТГК деңгейі 0,1-ден 0,3%-ға дейін ғана болады. Ашық айтайын, мұндай өнім есірткі қолданатындар мен оны тарататындарды қызықтырмайды. Полиция өз жұмысын жалғастыратынын атап өткім келеді. Біз лицензия беруге уәкілетті орган болып табыламыз. Мұнда өндірістік қарасораны өсіру процесі егуінен бастап, соңғы өңдеуіне дейінгі барлық кезеңі бақыланады. Өндірісті есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлері мен ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп бақылайды", — деп қосты ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық туберкулезден емделіп жатқан диспансердің маңында қарасора өсіргенін жазғанбыз.

Талқылау