Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша жасқа дейін көлік жүргізуге болады

Полиция департаменті Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Фото: Ru.freepik.com

Полиция департаментінің мәліметінше, көлік жүргізуге қатысты жоғарғы жас шектеуі жоқ. Яғни, азамат 90 жаста болса да көлік тізгіндей алады. Алайда белгілі бір шектеулер бар.

“Қазақстанда жүргізуші куәлігін алатын тұлғаның жасы 18-ден кіші болмауы керек. Сондай-ақ заңда жоғары жас шектеуі белгіленбеген. Дегенмен жасы үлкен жүргізушілерге қатысты белгілі бір шектеулер бар. Бұл шектеулер көбіне денсаулық жағдайына байланысты болады және жүргізуші куәлігін ауыстыру немесе қайта тапсыру кезінде медицина қызметкерлерінің қорытындысына сүйеніп белгіленеді”, – деп мәлімдеді ведомство.

Егер жүргізушіде келесідей диагноздар болса, оған жүргізуші куәлігі берілмейді немесе кезекті медициналық тексеріс кезінде құжаттан айырылады:

Психикалық бұзылыстар

  • Ауыр белгілері бар созылмалы психикалық аурулар (шизофрения, сандырақтық бұзылыстар);
  • Аффективті бұзылыстар (ауыр депрессия, биполярлық бұзылыс);
  • Тұлғалық бұзылыстар (мысалы, антиәлеуметтік мінез-құлық);
  • Ақыл-естің кемістігі;
  • Нашақорлық пен алкоголизм (егер ремиссия 2 жылдан аз болса).

Неврологиялық сырқаттар

  • Эпилепсия

Көру қабілетінің нашар болуы

  • Ахроматопсия (түстерді ажырата алмау).
  • Екі көзге бірдей соқырлық.
Айым Болатқызы
Жұма, 11 Сәуір, 2025 07:33
Талқылау