Қазақстанда қандай көліктерге салық төрт есеге дейін төмендейді
Фото: freepik.com
Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін ескі көліктердің ғана емес, қозғалтқыш көлемі үлкен көлікердің иелері де салықты бұрынғыдан азырақ төлей бастайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа Салық кодексіне 2025 жылғы 18 шілдеде қол қойылды, кодекс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, 11 жылдан 20 жылға дейінгі көліктерге 30 пайыз, ал 21 жылдан асқан көліктерге 50 пайыз салықтық жеңілдік жасалады. Бірақ кодекстегі ең тиімді мөлшерлеме көлемі 3 немесе 4 литр болатын көліктерге айтарлықтай әсер етеді.
Қазір Қазақстанда 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бастапқы есепке қойылған көлемі 3 литрден асатын автокөліктер үшін арнайы жоғары салық ставкалары қолданылады:
- көлемі 3000-3200 текше см – 35 АЕК;
- 3200-3500 текше см – 46 АЕК;
- 3500-4000 текше см – 66 АЕК;
- 4000-5000 текше см – 130 АЕК;
- 5000 текше см-ден жоғары – 200 АЕК.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық мөлшерлемесі былай өзгереді:
- көлемі 3000 текше см-ден 4000 текше см-ге дейінгі көліктерді қоса алғанда – 15 АЕК;
- 4000 текше см-ден жоғарылар – 117 АЕК.
Мәселен, 2022 жылғы 4 литрлік Toyota Land Cruiser Prado көлігі үшін жаңартылған Салық кодексі күшіне енгеннен кейін 2026 жылы бір АЕК 4148 теңге деп алғанда, 66 АЕК немесе 273 768 теңге емес, 15 АЕК немесе 62 220 теңге төлесеңіз, яғни бұрынғыдан 4,4 есе аз шығады.
Ал V8 көлемі 5663 текше см болатын Lexus LX 570 үшін 834 241 теңге емес, 496 957 теңге төлейсіз.
Жалпы Салық кодексі күшіне енгеннен кейін жылы ескі көліктердің ғана емес, жаңа көліктердің де салығы азаяды.

"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды
