Қазақстанда кальянға салынған шектеулерді жеңілдету талқыланып жатыр

Фото: freepik.com
Ішкі істер министрлігі елімізде соңғы кездері кальян мен вейпке қатысты тараған сыбыстарға түсініктеме берді. Бүгінде оларға қатысты ережені жеңілдету немесе қалдыру талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, кальян мәселесі шынымен талқыланып жатыр. Бірақ оны толықтай жою немесе жеңілдету туралы әлі шешім қабылданбаған.
"Иә, талқылау жүріп жатыр. Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері үкімет пен заң шығарушы органдардағы жұмыс топтарына қатысып жатыр. Жұмыс жалғаса береді және қабылданған шешім туралы міндетті түрде хабарлаймыз. Сонымен қатар, қосымша қоғамдық тыңдаулар да ұйымдастырылуы мүмкін", – деді Әділов.
Оның айтуынша, талқылау кең көлемде кальян жабдығын әкелуден бастап, оны ойын-сауық орындарында пайдалану уақыттарына дейінгі барлық сұрақтар қарастырылып жатыр.
"Талқылау ауқымы кең. Қазақстанға кальян жабдығын әкелуге рұқсат беру, жабдықты пайдалануда және кальянда қолданылатын заттардың тізіміне мән беріледі. Барлығы қарастырылып жатыр, ешнәрсе тыс қалмайды", – деді министрдің орынбасары.
-
Қазақстандықтарға тамырға салынатын дәрумендік тамшылардың қауіптілігі туралы ескертілді
-
Үй маңындағы дүкендерде сатылмауы керек – Сенатор Қазақстанда алкогольге тыйым салуға қатысты
Ал вейптерге қатысты саясат бұрынғыдай қатаң қалатынын атап өтті. Оларға жеңілдету шаралары жоспарланбаған.
"Вейпке қатысты бізде тыйым бар. Соңғы уақытта депутат Нұргүл Тау бастамасымен сату мен тасымалдау үшін жауапкершілікті күшейтетін шаралар қабылданды. Біздің позициямыз жауапкершілікті күшейту", – деді Санжар Әділов.
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі