Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қалыңдық мәһрге бір келі алтын сұраған

мәһрге бір келі алтын сұраған Видеодан скрин

Қазақстандық қалыңдық мәһрге бір келі алтын сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

TikTok желісінде болашақ күйеуінен мәһр ретінде бір келі алтын алғысы келетінін айтқан қыздың видеосы тарады. Видео жылдам таралып, желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік қалыңдықты қолдап, мәһрдің маңыздылығын ескергенде мұндай сыйлықтың орынды екенін айтты. 

"Жалпы, имамдар мәһрдің не екенін және оның қандай шарттары бар екенін неге түсіндірмейді? Мысалы, егер күйеуі қайтыс болса, әйелі мәһрге алған затын сатып, сол ақшамен балаларымен бірге кем дегенде екі ай өмір сүре алуы керек. Мұнда басқа бір қыры да бар, қалыңдық болашақ күйеуінің жақсы өмірге ұмтылуын қалайды әрі оған сенетінін көрсетіп отыр", – деп жазды желі қолданушылары.


"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті

Мәһр сұрау қазақтың салтында жоқ – Нұрлан имам


Ал кейбір пікір қалдырушылар қыздың талабына наразылық білдіріп, қалыңдықты пайдакүнем деп айыптады.

"Өмірінде ештеңе көрмеген қызға үйленсең, міне, осындай мінез-құлыққа тап боласыңдар, бауырлар. Аз да болса білімі мен ақылы бар қыздарға үйленіңдер", – делінген пікірлерде.

Еске салсақ, бұған дейін ҚМДБ "қалың мал" мен "мәһрды" ресми түрде біріктіру туралы шешім қабылдаған еді. 

Дана Русланқызы
Жұма, 27 Маусым, 2025 18:29
Талқылау