Қазақстанда күдіктіні қамауда ұстау мерзімі қысқармақ
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов ҚР құқық қорғау қызметі негіздерін жаңғырту жөніндегі жаңа заң жобасының негізгі ережелерін түсіндірді. Енді елімізде күдіктіні қамау мерзімі қысқармақ, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ағымдағы жылдың қазан айында елбасының бастамасымен “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы Парламентке ұсынылған болатын.
“Президенттің тапсыруымен қылмыстық процесті жаңғырту бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Елбасы қылмыстық процеске қарапайым тұрғындардың көзімен қарауды тапсырды. Мұнымен қатар, адам құқықтарын қорғау деңгейін көтеру, тараптардың бәсекелестігін арттыру, сот бақылауын кеңейту, тергеу рәсімдерін жеңілдету және тергеу органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктерін нақты бөлу секілді 5 негізгі бағытты анықтап берді”, – дейді Марат Ахметжанов.
Дәлірек айтсақ, жаңа заң жобасында қамауда ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту көзделген. Ал кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларды ұстау мерзімі 24 сағаттан аспауы тиіс.
Жіберіп алмаңыз:
Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы
Белгілі сықақшы Михаил Задорнов қайтыс болды
Алматы әкімі 500 теңгеге қай жерден тамақтануға болатынын айтты