Қазақстанда енді бұралқы және ауру иттер өлтіріледі
Мәжіліс депутаттары бұралқы иттердің санын қысқарту туралы заңды қарастырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gorod-ust-labinsk.ru
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы айтылған.
Заңдағы негізгі нормалар:
- жануарларды есепке алудың бірыңғай электронды базасын орталықтандыру;
- жануарды уақытша ұстау орнына орналастырғанға дейін жануардың иесіне одан бас тартуға тыйым салуды белгілеу,
- сондай-ақ жануардың иесіне оны далаға тастамай, уақытша ұстау орнына өткізуді міндеттеу;
- жануарлар агрессия танытып, шабуылдаған жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың осындай оқиғаларға шұғыл ден қою шараларын ұйымдастыру міндетін белгілеу;
- ауруға шалдыққан, агрессия көрсететін, зооқорғаныс ұйымдары мен өзге де тұлғалар орнастырмаған және талап етілмеген жануарлардың санын реттеу үшін, егер олар бұралқы иттер болса 15 күн ішінде, ал егер олар қараусыз қалған жануарлар болса 60 күн ішінде эвтаназия қолдану.
Бұған дейін Шымкентте тұрғындар жаңа жерленген мүрделерді күзетуге мәжбүр екенін жазған едік. Себебі қаңғыбас иттер қабірлерді қаза бастаған. Тіпті аш иттер көшедегі адамдарға да шабуылдайды екен.
Талқылау

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
1 тамыздан бастап үлескерлерге салынып жатқан ғимараттардағы тұрғын үй үшін қолма-қол ақша төлеуге тыйым салынады

“Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы ерекше өткен тойы мен салты туралы айтып берді
Айгерім: “Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”