Қазақстанда ішімдікке тексеру кезінде рұқсат етілген промилле шегі өзгермек

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі алкоголь мен психоактивті заттарды қолдануды анықтауға арналған медициналық куәландыру рәсімін жетілдіру туралы бұйрық жобасын жариялады. Құжатта мас болу деңгейін анықтау әдісін жетілдіру қарастырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Ашық НҚА” порталында “Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсету мәселелері туралы” бұйрық жобасы жарияланды. Онда алкогольдік масаңдықты бағалау тәсілдерін жетілдіру туралы айтылған.
“Маңызды жаңашылдықті бірі – мас болу деңгейінің сапалық көрсеткіштерін енгізу. Бұл адамның жағдайын дәлірек анықтауға және оның ауырлығын бағалауға қатысты даулы жағдайлардың санын азайтуға мүмкіндік береді”, – делінген жобада.
Нақтырақ айтқанда, ішімдік қолданылғанын тіркеу үшін қандағы промилленің шекті мөлшерін белгілеуді жетілдіру. Белгіленген көрсеткіштен асқан жағдайда ғана жүргізушінің масаң күй екенін анықталады.
2020 жылдың соңына дейін Қазақстанда медициналық куәландыру рәсімін реттейтін бұйрық қолданыста болды. Онда промилле көрсеткіштері берілген кесте болған. Сол кестеге сүйене отырып, алкогольдік масаңдық деңгейін анықтауға болатын еді.
Қандағы алкоголь мөлшері 0,5-тен 1,5 промиллеге дейін болса ол жеңіл деңгейдегі масаңдық болып саналатын. Осыған байланысты қоғамда бейресми түрде “рұқсат етілген промилле” деген түсінік қалыптасты. Алайда мұндай ұғым бұйрықта нақты көрсетілмеген. 0,5 промиллеге дейінгі көрсеткіште адам мас емес деп есептелетін.
Сол кезде Денсаулық сақтау министрлігі осыған қатысты түсініктеме берді.
“Промилле бойынша шектеу тек ұсыныс ретінде қолданылған. Ал дем арқылы анықталатын алкоголь мөлшері ешқашан медициналық қорытынды шығаруға негіз болмаған, ол тек қосымша құрал ретінде қолданылған”, – деп түсіндірді ведомство.
2020 жылдың қараша айынан бастап бүгінге дейін қолданыстағы бұйрықта мұндай кесте де, “рұқсат етілген промилле” туралы ұғым да жоқ.
Енді жаңа құжатта психоактивті заттарды қолдану фактісі тіркелетін шекті көрсеткішті қайта енгізу ұсынылып отыр. Ол 0,3 промилле деңгейі болып белгіленбек.
“0,3 промилле көрсеткіші адам ағзасының физиологиялық ерекшеліктерін, медициналық куәландыру жүргізілетін құрылғылардың техникалық сипаттамаларын және алкотестердің ақау деңгейін ескере отырып белгіленген. Бұл жалған оң нәтижелердің (адам алкоголь ішпесе де, ішкендей болып шығуы) алдын алуға мүмкіндік береді”, – деп түсіндірді сарапшы Асель Кидиралиева.
Сарапшының айтуынша, мас болу деңгейі бұрынғыдай тек кешенді тексеру мен дәрігердің қорытындысынан кейін ғана анықталады. Ал алкотестер көрсеткіштері тек құралдардың бірі ретінде пайдаланылады.
“Қазірдің өзінде тәжірибеде алкотестер 0,3 промилледен төмен көрсетсе, дәрігерлер адамды сергек (мас емес) деп қорытынды береді. Енді осы норманы ресми түрде бұйрықта бекіту ұсынылып отыр”, – дейді сарапшы.
Бұл өзгерістер Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы бұйрығына енгізілетін толықтырулар және медициналық куәландыру жүргізу тәртібін нақтылауға бағытталған.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев