Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ірімшік өндірісі төмендеп, бағасы өсіп жатыр

ТМД елдері арасында Қазақстан ірімшіктің қымбаттауына байланысты антилидерлер қатарына кірді. Тек Молдова ғана алда тұр. Онда оның бағасы бір келісіне 9,6 доллар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Мәліметтерге сенсек, жыл басынан Қазақстанда 3,4 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді. Былтырға қарағанда 18,2% аз. Ең көп өнім шығарылған өңірлер:

  • Алматы облысы – 597 тонна,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 435 тонна,
  • Шымкент – 352 тонна,
  • Алматы – 345 тонна.

Қаңтар айында өндірілген сүзбе көлемі 1,8 мың тонна болды, соның ішінде:

  • 868 тоннасы майсыз сүзбе
  • 952 тоннасы майлы сүзбе.

Майлы, қатты және тұзды ірімшіктердің өндірісі – 1,2 мың тонна,

  • балқытылған ірімшік – 168 тонна.

2025 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбе бағасы 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 5,2% өсті. Ең жоғары жылдық баға өсімі келесі өңірлерде тіркелді:

  • Ақмола облысы – 13,1%,
  • Жетісу облысы – 11%,
  • Атырау облысы – 8,6%,
  • Қызылорда облысы – 8,2%,
  • Алматы – 7,9%.
  • Баға ең аз өскен өңір – Алматы облысы (2,9%).

Кейбір аймақтарда баға аздап төмендеген:

  • Ұлытау облысы – 1,5%-ға,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 0,6%-ға,
  • Астана – 0,3%-ға.

Өнім түрлері бойынша бағалар келесідей өсті:

  • Тұзды ірімшік – 2,5%,
  • Қатты ірімшік – 3,8%,
  • Балқытылған ірімшік – 8%,
  • 5-9% майлылығы бар сүзбе – 5%,
  • Сүзбелі масса – 10,2%,
  • Құрт – 10,3%.

2025 жылдың 20 ақпанына қарай Қазақстанда жергілікті өндірілген ірімшіктің орташа бағасы келісіне 9,3 доллар болды. Numbeo сарапшыларының мәліметтері бойынша, бұл көрсеткішпен Қазақстан 99 елдің ішінде 50-орында тұр.

ТМД елдері арасында Қазақстан ірімшіктің ең қымбат бағасы бойынша екінші орында:

  • Молдова – 9,6 доллар/келісі,
  • Қазақстан – 9,3 доллар/келісі,
  • Ресей – 8,7 доллар/келісі,
  • Беларусь – 6,2 доллар/келісі,
  • Әзербайжан – 5 доллар/келісі.

Ең қымбат ірімшік:

  • Швейцария, Гонконг, Франция.

Ең арзан ірімшік:

  • Египет, Иран, Боливия.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда ірімшік пен сүзбе нарығындағы өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі өсіп келеді.

2024 жылы отандық кәсіпорындар ішкі нарық сұранысының 50,3%-ын жапты (2023 жылы – 44,3%). Бір жылда ірімшік пен сүзбе өндірісі 10,1% артып, 48,3 мың тоннаға жетті. Импорт 13,5% төмендеп, 47,8 мың тоннаға жетті. Экспорт 30,4% өсіп, 3,9 мың тоннадан асты (жалпы өндірістің 4,1%-ы). Ішкі нарықтағы сату 4,1% төмендеп, 92,1 мың тонна болды.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның көп өңірінде сиыр етінің құны 3 мың теңгеден асып жығылды. Жылқы мен қой етінің құны да шарықтап кеткен. Сатушылар қымбатшылықты тапшылықпен байланыстырып отыр. Ал сарапшылар ет бағасы әлі де көтеріледі деп болжайды. Себебі бұл өнімге өзге елден сұраныс күрт артқан. 

Талқылау