Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда iPhone күрт қымбаттамақ

Фото: Pixabay.com

Apple биыл күзге жоспарлаған жаңа iPhone модельдерінің бағасын көтеру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Телефондарды қымбаттатудың негізгі себебі – АҚШ-тың Қытайда жасалған смартфондарға салынған 20%-дық импорттық баж салығының күшінде қалуы. Бұл салықтар Дональд Трамп президент болған уақытта Қытаймен сауда соғысы барысында енгізілген еді. Соңғы келіссөздер кезінде қандай да бір жеңілдіктер жасалғанымен, смартфондарға қатысты тарифтер өзгеріссіз қалды. Осыған байланысты Apple шығындарды өтеудің жолдарын іздеуге мәжбүр.

Apple iPhone құнының өсуін сауда шектеулерімен байланыстыруды жоспарламайды. Инсайдерлердің айтуынша, керісінше, Apple жаңа iPhone модельдеріндегі инновациялық функцияларды, жетілдірілген дизайн мен өнімділікті алға тартпақ.


АҚШ-тың баж салықтары Қазақстанға қалай әсер етеді — Ұлттық экономика министрі жауап берді


"Тариф соғысын" бастаған Трамптың мәлімдемесінен кейін қор нарығы құлдырап кетті


Бағаның өсуі iPhone Pro және Pro Max секілді флагмандық модельдерге қатысты болады деген болжам бар. Бұл құрылғылар әлі де Қытайдағы зауыттарда жиналады.

Бүгінде Apple жеткізу тізбегін әртараптандыруды бастап кеткен. Компания өндірістік қуаттың бір бөлігін Үндістанға ауыстырып жатыр. Алайда қазі Қытай жоғары санатты құрылғыларға арналған компоненттерді жинақтау мен жеткізудің негізгі орталығы болып отыр.

Сарапшылардың болжамынша, АҚШ нарығын толықтай Үндістандағы өндіріс есебінен қамтамасыз ету 2026–2027 жылдарға дейін мүмкін болмайды.

Apple компаниясының бас директоры Тим Кук инвесторларды алдағы тоқсанда сауда баж салығы компанияға қосымша 900 миллион доллар шығын әкелетінін ескертті. Ол өндірістің бір бөлігін АҚШ-қа көшіру жоспары бар екенін растады. Алайда жергілікті өндірісті жолға қою шығындарына байланысты бұл процесс бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін айтады.

Еске салсақ, Apple бөлек қуаттайтын чехолы бар iPhone-ды шығаратынын жаздық.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 10:49
Талқылау