Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

50 шақырымнан артық жүре алмайды: Қазақстанда такси жүргізушілеріне қалааралық тасымалмен айналысуға тыйым салынбақ

Көлік министрлігі Яндекс пен InDrive такси қызметінің облыс аралық қызметіне шектеу қойылатынын айтты. Айтуынша, ұзақ жолдағы такси қызметін шектеу арқылы автобус қозғалысын жандандырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay

Көлік министрлігінің мәліметінше, Яндекс, InDrive қызметі азаматтар арасында облысаралық маршруттарда танымал.

"Мұнда екі мәселе тұр. Өкінішке орай, салдарынан тұрақты автобус қызметтерінің қолданылуы азайды. Орташа жылдамдыққа қатысты енгізілген норма тұрақты автобус қызметтерінің қайта жандандырады деп ойлаймын. Көпшілік такси қызметін жылдамдықты рұқсат етілген нормадан асырып тез жүретіні үшін таңдайды. Бәрінде орташа жылдамдық болған кезде автобус пен таксидің айырмашылығы онша болмайды. Бұл адамдардың тұрақты автобус қызметіне көбірек ауысуына әсер етеді", – деді министр. 

Сонымен қатар, министр такси қызметіне рұқсат етілген километрге шектеу енгізу туралы да қоса кетті.

"Шетелде 50 шақырымнан артық жүруге болмайтын тәжірибе бар. Одан ұзақ жолға тек тұрақты автобус қызметіне ауысу керек. Заңсыз әрекеттермен айналысатын машиналардың көпшілігінде ақау бар. Toyota Alphard маркалы автокөліктің қатысуымен болған апаттар саны көп. Сондықтан қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін адамдар тұрақты автобус қызметтерін таңдауы қажет. Онда жүргізушілер медициналық куәландырудан, тұрақты кестеден өтеді", – деді Қарабаев.



Алайда министр жаңа өзгерістердің қашан енгізілетінін айтпады. 

Бұған дейін InDrive пен Яндекс жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бақылау туралы келісім жасасқанын жеткізген еді. Министр жүргізушілердің белгіленген сағаттан артық жұмыс істей алмайтынын алға тартты. Айтуынша Face ID көмегімен ведомство такси жүргізушілерінің жұмысын қадағалауды жоспарлап отыр.

"Жүргізуші кез-келген басқа есептік жазбаға кірмес бұрын, Face ID пайдаланады. Ал 8 сағаттан кейін ол автоматты түрде есептік жазбаға жіберілмейді", - деді министр. 

Талқылау