Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда ІІМ-нің 6 оқу орталығы қысқартылды

Қазақстанда полицейлерді оқытатын оқу орындарының саны қысқартылады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, ендігі мемлекетімізде бакалавриат бағдарламасы бойынша тек Қарағандыдағы академияда оқытатын болады. 

«Оқу орындарының жүйесін оңтайландырдық. Бұған дейін 12 оқу орны болса, олардың санын алтыға дейін қысқарттық. Ендігі полицейлерді Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе және Шымкенттегі оқу орталықтарында дайындайды», - дейді Тұрғымбаев.

Сонымен қатар ведомство басшысы тергеуші мамандығы бойынша оқудың қалдырылатынын айтты. Себебі қазіргі уақытта республикада тар ауқымдағы мамандықтарды дайындау жүргізіліп жатқан жоқ, дейді. 

ІІМ 20 мамырдан бастап оқуды жаңа форматта жүргізіп жатыр. Осылайша, криминалистер, тергеушілер мен жедел қызметкерлер үшін 6 айлық, өзгелері үшін 3 айлық курс қарастырылған.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр