Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Голливуд фильмдері түсірілуі мүмкін

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы АҚШ-та Голливудтың жетекші кинокомпанияларының продюсерлерімен кездесті.

Сурет: Otyrar.kz

Бұл туралы қазақстандық ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесуге әлемдік кинокомпаниялардың продюсерлері –  М. Хью (The Walt Disney Company), Л. Ульман (NBC Universal), Г. Ли (CBS), В. Мендоза (Paramount Pictures Corporation), М. Валбрехт (Warner Bros.), Д. Рой (HBO) жиналды. Қазақстан тарапынан сондай-ақ, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов және Кинематографиялық өнер мен ғылым академиясының президенті Айман Мұсақожаева қатысты. Бұл Қазақстанның мәдениет саласындағы уәкілетті орган басшылығының әлемнің озық кинокомпанияларымен алғашқы кездесуі.

«Бүгінгі таңда кино тек өнер түрі ғана емес, сонымен қатар экономика саласының анықтауышы. Мәселен, «Аватар» фильмі жарыққа шыққанда, түсірілімдер жүрген Жаңа Зеландияға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағыла бастады. Кейбір мемлекеттер киноқызмет көрсетуді табыс көзіне айналдырған. Олар Венгрия, Болгария, Канада сынды мемлекеттер», – деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Мұхамедиұлының пікірінше, әлемдік деңгейдегі кинокомпаниялардың өкілдерін қазақстандық тараптың ұсыныстары қызықтырып отыр. Осы орайда нақты қадамдарға да қол жеткізілді.

Басты факторлардың бірі – Қазақстандағы киноиндустрия дамуының барлық қыр-сырларын қамтитын «Кино туралы заңның» қабылдануы болмақ.

«Маңызды аспектілердің бірі – Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен еліміздегі ұлтаралық келісім болып табылады. Бұл компаниялар өз интеллектуалдық және қаржылық мүмкідіктерін тек саяси тұрақты елдерге салатындары белгілі. Бұл орайда Қазақстан олар үшін өте қолайлы», – деді Мәдениет және спорт министрі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі әлемнің жетекші кинокомпанияларымен киноөндіріс саласында ынтымақтастық туралы келіссөздер өткізген болатын.  Лос-Анжелеске жасалған іссапар және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын таныстыру аясында министрлік Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігімен бірлесе  «Spirit of Great Steppe» шарасын өткізді. Қазақстандық бірнеше фильмнің көрсетілімі өтті. Сондай-ақ ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаева, Димаш Құдайберген және өзге де өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт берілді.

Оқи отырыңыз:

Тұрсынбек Қабатов композитор болып хит әндер жаза бастады

Ділназ Ахмадиева отбасылы сүйіктісін жайына қалдырғанын айтты

Асхат Садырбай: Мәйіт шығатын үй ас бермеуі керек

74 жастағы көкшетаулық қария Сеулде гір тасын көтеруден чемпион атанды

Талқылау