Қазақстанда жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақыларын көтеру қарастырылып жатыр

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев қазақстандық фельдшерлердің жалақысын көтеру туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қазір жалақыны көтеру мәселесі қарастырылып жатыр. Биыл жедел медициналық көмек қызметіне қосымша 5 миллиард теңге бөлінді”, – деді министрдің орынбасары.
Ол келесі жылға жалақыны көтеру бойынша есептеулер жүргізіліп жатқанын нақтылады. Алдын ала бағалаулар бойынша, бұл мақсатқа шамамен 10 миллиард теңге қажет болуы мүмкін. Дегенмен, соңғы шешім әлі қабылданған жоқ.
Павлодар облысында әкім фельдшерді соққыға жықты
Еске салсақ, Теміртау қаласының жедел жәрдем қызметкерлері Тоқаев пен денсаулық сақтау министріне жүгінген еді. Олар биліктен шектен тыс ауыр жұмыс істейтінін айтып, жалақысын көтеруді сұрады.
Оған қоса, Талдықорғанда жедел жәрдем қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, наразылыққа шыққан еді.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған