Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ет тапшылығы болуы мүмкін бе – Сауда министрі жауап берді

Фото: Pixabay.com

Сауда және интеграция министрі қазақстандықтар ет бағасының одан әрі өсуі мүмкін бе дегенге жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Арман Шаққалиев министрлер кабинетінде өткен брифингте ет бағасына тоқталды.

"Біз ет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бірі екенін үнемі айтамыз. Еттің қымбаттағанын байқап отырмыз. Бұл жерде екі фактор бар. Біріншіден, бұл жаһандық проблема екенін атап өттім, яғни ірі әлемдік ойыншылар Бразилия, Аргентина көлемінің өзгеруімен байланысты. Екіншіден, бүгінде көрші елдерде баға айтарлықтай жоғары, сәйкесінше, нарықта сұраныс көп", – деді министр.


Шымкенттік кәсіпкерлер ет бағасын өсіргені үшін жазаланды


Оның бағалауынша, елде ет тапшылығы жоқ. Дүкендердегі үстеме бағалармен күрес жүріп жатыр дейді.

"Бізде индикативтік жоспарлар бар. Нарықтық экономикадамыз, біз тікелей нұсқау жасай алмаймыз. Бірақ бұл дәлізде қалу үшін біз қай жерде және қашан қажет болса, тауар интервенцияларын жүргізу керек, бұл толқуды азайту керек. Содан кейін өте ауқымды шаралар заңсыз экспорттың алдын алуға бағытталған. Алайда нарықта ет әрқашан болады. Баға басқаша болады, еттің жұмсақ жері, төс сүйегі, иық сүйегі, т.б.", – деді сауда министрі.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте сиыр етінің бағасы айтарлықтай қымбаттап, бір келісі үшін 5 мың теңгеге жеткені туралы хабарлаған едік. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 05 Тамыз, 2025 13:58
Талқылау
`