Қазақстанда есірткі сатқаны үшін 13 жастан қылмыстық жауапкершілік енгізіле ме?

Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Әмірханов биыл есірткі қылмыстары бойынша ұсталған кәмелетке толмағандардың саны артқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмаған 61 жасөспірім ұсталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда сәл көбірек. Олардың ішінде 40-ы колледж студенттері, 10-ы мектеп оқушылары. Барлығы есірткі жасырумен айналысқан", – деді Әмірханов.
Оның айтуынша, қазіргі заңнамаға сәйкес есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады.
"Есірткі сату үшін де жауапкершілік 16 жастан қарастырылған. Кей адамдар бұл жасты 13-ке дейін түсіруді ұсынады, бірақ ол тек аса ауыр қылмыстарға қатысты. Ал есірткі сату бойынша жауапкершілік жасы өзгермейді", – деп түйіндеді ол.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті