Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда енді жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн ауыстыруға болады

Қазақстанда азаматтардың жеке куәлігі мен төлқұжатын онлайн алуға мүмкіндік беретін пилот жоба іске қосылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: wikipedia.org

Мәліметтерге сенсек, жобаны ішкі істер министрлігі мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп әзірлеп жатыр. Кейбір деректерде құжаттарды тіпті мобильді қосымша арқылы рәсімдеуге болатыны айтылған.

"Қазақстан Республикасы азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін онлайн форматта, қолданыстағы тәртіпке балама ретінде пилоттық жоба ретінде іске қосу", – делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Жобаға сәйкес, жарамды мерзімі өткен құжаттарды қайта рәсімдеуді электронды үкімет порталы немесе мобильді қосымша арқылы жүзеге асыруға болады.

"Жоба мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру қызметінің сапасын жақсарту мақсатында әзірленді", – делінген хабарламада.

Жобаны іске асыру бір жылға созылуы мүмкін. Алдын ала жоспар бойынша, ол 2026 жылдың 31 наурызында іске қосылады.


Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта енгізу ұсынылды


Еске салайық, бұған дейін 2025 жылдан бастап жаңа туған балаға туу туралы куәлікті Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ алуға болатынын жазған едік. Қазақстандықтар құжаттарды өз үйлеріне жақын орналасқан Kaspi Bank-тің постаматтарынан ала алады. Бұл басқа анықтамаларға да қатысты. 

Талқылау