Қазақстанда енді ата-аналар бас тартқан балабақшалар жабылады
Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова енді ата-аналар бас тартқан балабақшалар жабылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pexels.com
Тамара Дүйсенованың айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі.
Мәліметтерге сенсек, Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларының балалабақшаларында жоба пилоттық режимде жүзеге асқан. Мәселен, Түркістанда 2 аптада 740 ваучер беріліп, балабақшаларға кезек азайған.
Жалпы бұл жоба бойынша қаржы ұйымдар арасында бөлінбейді. Ата-аналардың арнайы шоттарына ғана аударылмақ. Өз кезегінде олар баласын қай балабақшаға беретінін өздері таңдайды.
"Қаржы орталығы" АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов ваучерлік қаржыландыру арқылы ата-ана балабақшаны өз еркімен таңдай алатынын айтты.
"Осылайша барлық балабақша балалар үшін жұмыс істемек. Сонымен қатар ата-аналар сапаға назар аударады. Ата-аналар бас тартқан бақшалар жабылады немесе білім беру сапасын жақсартуға көшеді. Біз сондай-ақ "жалған тіркеуге" қатысты ұзақ жылғы мәселені шешеміз", – деді Асқар Ибраимов.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда балабақшаларға 2027 жылдан бастап лицензия берілетінін жаздық. Заң кәсіби қабылдаушы отбасылар қызметінің құқықтық негіздерін, осы саладағы құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық саласындағы кәсіби қабылдаушы отбасылар мен уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл тетіктерін анықтайды.