Қазақстанда енді әскерге шақырылғандарды көшеден күштеп алып кетпейді
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда енді әскерге шақырылғандарды көшеден күштеп алып кетпейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарулы күштер Бас штабы ұйымдастыру-мобилизациялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаевтың айтуынша, әскерге күштеп алып кету – конституциялық құқықтарды бұзу болып есептеледі.
“Заң бәріне бірдей. Азаматардың құқығының бұзылуына жол бермейміз. Иә, жаппай ұстап әкету болмайды, бұл адамның конституциялық құқықтарын бұзу. БЖаппай ұстап әкетуге жол берілмейді. Біз мұндай тапсырманы көктемгі әскерге шақыру кезінде алдық және көктемгі шақыруда ондайға жол берілген жоқ. Колледждер мен жоғары оқу орындарын бітіргендерді әскерге әкеткенжоқпыз, тек өзі ниет білдіргендерді ғана шақырдық”, – деді Фархад Айдарбаев.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда әскерге шақыру ережелеріне өзгерістер енгізілетіні туралы жазған едік.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
