Қазақстанда енді 1 және 2 теңгелік монеталар шығарылмайды

Қазақстанда енді 1 және 2 теңгелік монеталар шығарылмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, қазір бұл монеталарды шығару тиімсіз.
2025 жылдан бастап жаңа 2 000 теңгелік банкноталар қолданысқа енгізіледі
"Біз 1 теңгелік монеталарды соғу тиімсіз екенімен келісеміз. Сондықтан негізгі жоспарымыз мынадай: айналымда жүрген монеталар бар және олар қолданыста қала береді. Бірақ қосымша соғу жоспарда жоқ. 2 теңгелік монеталарға да қатысты жағдай осындай. Қолданыста жүрген, қалтамызда жүрген монеталарды айналымнан алып тастамаймыз, бірақ жаңа монеталарды шығару үшін қаржы жұмсамаймыз", – деді Сүлейменов.
Еске салсақ, 2025 жылдың наурызында Қазақстанда жаңа 1000 теңгелік банкнота айналымға шыққан еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді