Қазақстанда ең төменгі жалақының мөлшері арта ма: Нұрымбетов жауап берді
Елімізде ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалатын болды. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр ең төменгі жалақы, бастапқы шартсыз табыс және күнкөріс минимумы көбейтілмейтінін кесіп айтты.
"Келесі жылдың бюджетінде ең төменгі жалақы ретінде 42 500 теңге қарастырылған. Жақын арада күнкөріс минимумы да көтерілмейді", - деді Нұрымбетов.
Шенеунік азық-түлік жинақтамасына 43 өнім кіретінін ескеріп өтті. Сөзінше, тұтыну нормасын қазақстандық тамақтану интитуты, ал оның бағасын статистика комитеті бекітеді.
Айта кетейік, елімізде қазіргі күні ең төменгі жалақы 42 500теңгені құрайды. Ал күнкөріс минимумы 32 668 теңгеге тең.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"