Қазақстанда ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін көтерілетін болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында үкімет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізетінін және соның негізінде оның мөлшері біртіндеп ұлғаятынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен ең төменгі жалақыны 60-тан 70 мың теңгеге көтеруге шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді.
- Қазақстанда әрбір баланың мемлекет Ұлттық қордан ақша аударатын есепшоты болады
- Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық қылмысы үшін жаза күшейтіледі
Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарысын 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді", – деді президент.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады