Қазақстанда электрсамокат ережелерін бұзған жағдайда қанша айыппұл салынады
Фото: freepik.com
Ішкі істер министрлігі елімізде электрсамокаттарының қозғалысына реттеуде әкімдіктермен жұмыс жасау, қауіпсіздік және айыппұлдар туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліміметінше, 2025 жылдың көктемінен бастап түрлі қалаларда электр самокаттарын қоюға арналған арнайы орындар пайда бола бастаған. Ең көп орын Алматыда. Жақында 23 арнайы алаң жасалып Ақтөбе де бұл тізімге қосылды. Ал Астана қаласында әзірге паркингтер тек Нұра ауданында ғана бар. Айтпақшы, оларды сәуірде белгілеу жұмыстары өткен.
Сонымен қатар самокатты дұрыс емес жерге қою, газон, жол жиегі немесе басқа адамдарға кедергі жасау әкімшілік кодекстің 505-бабымен жазаланады. Жаза 20 АЕК-ға (78 640 теңге) дейін. Қайталанған жағдайда – 30 АЕК (117 960 теңгеге дейін). Самокат көлік жолының қозғалысына кедергі жасаса әкімшілік кодекстің 614‑бабы қолданылады. Пайдаланушыға 3 АЕК (11 796 теңге) дейін, ал жалға берушіге 10 АЕК (39 320 теңге) дейін айыппұл салынады.
Самокат көпшіліктің қолдану нүктесіне тасталса, кикшеринг компаниясының мобильді тобы келеді. Егер олар үлгермесе полиция самокатты алып, айып тұрағына қойып, пайдаланушыға айыппұл немесе ескерту береді.
“Компаниялар да қауіпсіздікке назар аударады. Жылдамдық шегін белгілейді. Кәмелетке толмағандарға жалға беруден бас тартады. Қала бойынша мобильді топтарды ұйымдастырады", – деді ішкі істер министрлігі.
Самокатты тұраққа жол қозғалысы ережелеріне сай және жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмей қою керек. 2023 жылдан бері министрлік самокатты тұраққа қою тәртібін "Астана Байк" жүйесі сияқты шешуді ұсынуда. Яғни, жалдауды аяқтау үшін самокатты арнайы орынға (тірекке) қою қажет болады. Бұл идея әзірге тек талқыланып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Президент электрсамокаттардың қозғалысына қатысты заң қабылдауды тапсырды.

"Екі күйеу жігіттің де есімі – Нұрсұлтан": Алматылық әпкелі-сіңлі бір күнде ұзатылып, ерекше той жасады
