Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда экстремистік және террористік кітаптарды сақтауға тыйым салынады

Қазақстанда экстремистік және террористік материалдарды сақтауға тыйым салынадыФото: Parlam.kz

Мәжіліс депутаттары экстремистік және террористік материалдарға байланысты тыйымды кеңейтуге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда-ақ мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл норма “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы мемлекеттік органдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасына енгізілген.

Құжат Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді.

“Экстремистік және террористік материалдарды әкелуге, басып шығаруға, дайындауға және таратуға қойылған тыйымнан бөлек, заң жобасында оларды сақтауға да тыйым енгізу ұсынылып отыр”, – деді депутат Болат Керімбек.



Бұған дейін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте мұндай материалдарды сақтау үшін жауапкершілік қарастырылған еді.

“Алайда салалық заңдарда тек осындай материалдарды әкелуге, дайындауға және таратуға ғана тыйым салынған”, – деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Алмас Наймантаев.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 12:48