Қазақстанда доллар бағамы 500 теңгеге дейін түсті

Қазақстанда теңге бағасы көтеріліп, доллар бағамы тағы да төмендеп, бір күн ішінде 4,07 теңгеге арзандады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
KASE биржасының дерегінше, 3 желтоқсан сағат 15:30-дағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 4,07 теңгеге төмендеп, 503,89 теңге болды.
Ал соңғы мәміле 503,56 теңге деңгейінде жабылған. Әдетте айырбастау пунктері бағаларын осы соңғы мәміле көрсеткішіне сүйеніп белгілейді.
Скрин: kurs.kz
Kurs.kz порталының деректеріне сәйкес, ірі қалалардағы айырбастау пунктері қолма-қол доллар бойынша келесі сатып алу және сату бағаларын ұсынып отыр:
Үкімет Қазақстандағы доллар бағамына қатысты болжам жасады
Астана:
– сатып алу: 502-503 теңге;
– сату: 509-510 теңге.
Алматы:
– сатып алу: 500,9–505,7 теңге;
– сату: 505,9–510,7 теңге.
Шымкент:
– сатып алу: 503–504,5 теңге;
– сату: 505–506,5 теңге.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық сарапшылар доллар бағамына болжам жасағаны туралы жазған едік.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан