AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда діни экстремистердің саны көбеюуінің себебі қандай? Мамандар түсіндірді

Карантиндік шектеулерден соң қазақстандық теологтар дәстүрлі  емес діни ағымдарды ұстанушылардың саны көбейгенін айтады. Шымкенттің өзінде мамандар 270 адамды ағымнан шығарып, қалыпты өмірге қайтарған. Билік пен діни қызметкерлер экстремизммен қалай күресуде? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

Имам Әділхан Сертай

Дін істері басқармалары мен бөлімдерін экстремизммен бейбіт түрде күресушілер деп атауға болады. Олардың міндеті – деструктивті ағымдардың себептерін бақылау. Олар әлеуметтік желілерде және азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс істейді. Жолдан адасқандарға бұрынғы өміріне оралуға көмектеседі. Шымкентте өткен жылы осындай 270 адам болған.

Шымкент қаласы Дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев мұндай адамдармен егжей-тегжейлі жұмыс жүргізетінін айтады. Ал теологтар олардың діни көзқарастарының дәрежесін анықтап, олармен әрі қарай жұмыс істеу әдістерін анықтайды.

“Олар діни сараптама алуға жібердік, соның нәтижелері бойынша, егер материалдар болса, полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасына жолданады”, – дейді Әлжан Тұяқбаев.

Карантиндік шектеулерден кейін "деструктивті" ағымға қосылған адамдардың саны артты, дейді мамандар.

Пандемияға дейін төмендеу үрдісі байқалған. Психологтардың пікірінше, бұл табиғи нәрсе. Қиын кезеңдерде адамға кез келген көмек пен қолдау қажет.


"Бұл адамдардың өз діні бары анық": Теологтар тәртіпсіздіктер кезінде мұражай алдында намаз оқыған радикалдар туралы айтты 


“Егер адамда қиын өмірлік проблемалары болса, отбасында қиын жағдай болса адам сырттан көмек іздейді. Экономикалық әл-ауқат – бұл адамның негізгі қажеттілігі”, – дейді психолог Герман Владимиров.

Көбінесе деструктивті ой желіде тарайды, сондықтан жастар оларға көбірек ұшырайды, дейді имам Әділхан Сертай. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, кез келген адам осындай жағдайға түсуі мүмкін.

“Жалғыздық факторлардың бірі ғана, бірақ кез келген адам, кез келген ұлт өкілі, маман иесі бұл ағымның құрбаны бола алады. Бұл техникалық университетті жақсы бітірген инженер, дәрігер немесе тіпті суретші болуы мүмкін”, – дейді ол.

Орныққан деструктивті көзқарастарды өзгерту оңай емес, онымен имамдар да, дін істері басқармасының өкілдері де айналысады. Қолдауды ресми мешіттерде, храмдарда іздеген жөн. Себебі шынайы дін мейірімділікке жақ,  ал қылмыс, тонау мен зорлық-зомбылықты айыптайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр